Тоқаев арнайы операциялар күштерінің басшысын ауыстарды


10/01/2024
11:20 9925 0

Фото: Қорғаныс министрлігі 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қарулы күштерінің арнайы операциялар күштерінің басшысын ауыстырды. Болат Жұрабаевтың орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды. 

 

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Мырзахметов 2022 жылы наурызда Мемлекеттік күзет қызметінің сегізінші департаментін басқарған. 

 

Арнайы операциялар күштерінің негізгі міндеті – терроризмге қарсы операцияларға қатысу. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету. 

 

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымға реформа жасау қажеттігін айтып, «арнайы операциялар күшін» құруды тапсырған. 

 

Қанды Қаңтарда ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапқан. Құқық қорғаушылар 10 мыңға жуық адам ұсталып, олардың 70 пайызы азапталғанын мәлімдеген. Бастапқыда билік азаптау болғанын мойындамаған. Бірақ кейіннен күштік құрылым қызметкерлерінің азаптауға қатысы барын растаған. Бірақ азаптауға қатысты істердің басым көпшілігі сотқа жетпей жабылған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

10/01/2024 11:20
9925 0

Уведомление